«Республика» қозғалысы өзінің құрылғанын және азаматтық қозғалыстармен күш біріктіретінін мәлімдейді

Қазақстанда «Республика» қозғалысы құрылып, елдің барлық аймақтарының белсенді жастарын біріктірді. Қозғалыс мүшелері саяси реформалардың жүзеге асуы үшін әрекет етеді. Оның ішінде демократиялық институттарды дамыту, азаматтары белсенді демократиялық қоғам құру, елдің заңдарын адам құқықтары бойынша халықаралық стандарттар мен міндеттемелерге сәйкестендіру, сонымен қатар саясат пен елді басқаруда ашықтық пен әділетті қамтамасыз ету.

Мақсаттарымызды жүзеге асыру жолындағы алғашқы қадамымыз азаматтық қозғалыстардың күш-жігерін біріктіруге бағытталады.
2019 жылдың 19 маусымында сағат 17:00-те “Гранд Парк Есіл” (Туркиз залы) отелінде Тәуелсіз қозғалыстардың біріккен конференциясы өтеді. Шараның бастамашылары – «Республика» қозғалысы мен «Oyan, Qazaqstan» азаматтық қозғалысы. Пресс-конференцияға сонымен қатар “Еркіндік қанаты” қоғамдық қоры, көпбалалы аналар қозғалысы және азаматық белсенділер қатысады.
Біріккен қозғалыстар билікпен диалог бастауға негіз болатын талаптарды мәлімдейді, сондай-ақ, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіне қатысты позициясын айқындайды.

Пресс-конференция қатысушылары:
Бэлла Орынбетова, Республика
Гүлім Оразбаева, Республика
Айсұлтан Жақыпов, Республика
Мейрамхан Жәпек, көпбалалы аналар қозғалысының төрағасы
Роман Реймер, “Еркіндік Қанаты” ҚҚ
Әсем Жапишева, журналист, “Oyan, Qazaqstan” азаматтық қозғалысының белсендісі