Азаматтық, қоғам белсенділері мен Қазақстан оппозициясының шетелдік бюросы өкілдерінің ҮНДЕУІ

Біз Қазақстан Үкіметі қазір тарихтың сындарлы сәтінде қысылтаяң жағдайда, ал Қазақстан халқы өлместің күнін кешудің сәл алдында тұрғанын түсінеміз.

Үкіметтің жедел шараларды бастауды кешеуілдетуі, дағдарысқа қарсы орта және ұзақ мерзімді жоспарлар жасамауы сияқты көптеген қателіктер жасағанын білеміз, түсінеміз.
Биліктің ақпараттық, сондай-ақ заңдық саясаты ақсап тұрғаны сөзсіз. Әсіресе форс-мажор жағдайда шығарылған әрбір жарлық немесе оған жасалған толықтыру, түсіндірме заңнамалық базаның кемшіліктерін бадырайтын көрсетіп тұр. Заңнаманың орындалуын қадағалайтын органдар қызметінің қауқарсыздығы азаматтар мен үкімет арасындағы түсініспеушілікті одан сайын шиеленістіріп жатыр. Дәл қазіргі сәтте полицияның өз құзыретін асыра қолданып отырғанын қозғамай-ақ қояйық.

Ел үшін қысылтаяң сәтте коронавируспен күреске арналған қаражат пен қорлардың имидж, жарнама жобаларына, жалған немесе түкке тұрғысыз есептер жасауға жұмсалуын нағыз жауапсыздық әрі астамшылдық деп санаймыз.

The Nielsen Company сияқты компаниялардың есептері республика үкіметі мен қоғамға жаңсақ түсінік беруде. Ең алдымен мұндай ұйымдар қоғамның игілігіне қызмет етуді емес, коронавируспен күреске бөлінген қорларды игеруді көздейді. Мұндай есептерде бұл дағдарыс қамтыған барлық тараптардың, яғни биліктің, бизнестің, маңызды шешім қабылдайтын тұлғалар жасаған әрбір қадамның адал әрі шынайы бағасы берілуі тиіс.

Қытайда эпидемия туындаған және ары қарай өршуі кезінде ДДСҰ нұсқаулары қаншалықты назарға алынды? Індетпен күресте ҚХР әрекеті қаншалықты тиімді болды? Жағдайға объектив баға беріп, толыққанды анализ жүргізілуі керек. ҚХР орталық үкіметінің эпидемия мен болған жағдай туралы ақпаратына сену қиын. Індеттің таралуы туралы Оңтүстік Корея, Жапония, Тайвань дереккөздері анағұрлым сенімдірек. Сонымен бірге Кох, Кембридж, Хопкинс институттарының тәулік сайын жасап отырған мониторингтарына да сүйенуге болады.

Алайда осы деректер бойынша да жағдайдың толық мән-жайын бағалау мүмкін емес, себебі Қазақстанда алдын ала, нақты диагностика, тестілеу туралы деректер жоқ. Нәтижесінде індетпен күресетін медицина қызметкерлерінің өзі вирус жұқтырып, құрбан болып отыр.

Қазақстанда ұлттық мүддеден гөрі Назарбаев әулеті мүшелерінің сөзі үстемірек болып тұрғанын түсініп отырмыз. Базарлар жабылмай, бүгінгі таңға дейін вирустың таралу ошағына айналу қатері бар. Азық-түлік пен медикаменттер нарығындағы жағдайға мониторинг жасап отырған объектив каналдар да жоқ.
Бұл жағдайлардың барлығын ескере отырып, БІЗ мынадай талап қоямыз!

1) Қаржы бірінші кезекте медицина мекемелері мен қазір көмекке мұқтаж тұрғындарды қодауға жұмсалуына қол жеткізу. Коронавируспен күреске жұмсалатын қаржының толық ашықтығы мен сол туралы мәліметтерді толық жариялауды ТЖ бойынша өкілетті Тоқаев пен ҚР Үкіметінен талап ету. Барлық жұмсалатын қаржы туралы ақпарат онлайн режимде, сол сәтте барлығына көрінетіндей жарияланып отыруы тиіс.

2) Парламентті есеп комиссиясын құруға, оған коронавируспен күреске бөлінген қаржыны, басқа ұйымдарға да бөлінген мемлекет қаржысының кіріс-шығысын толық бақылап отыруды жүктеуге шақырамыз. Тексеру механизмін әзірлеуді талап етеміз.

3) Комиссия құрамына қаржы, медицина, бюджеттеу және т.б. салаларда қызмет ететін тәуелсіз қоғамдық ұйым өкілдері кіруі керек. Сонымен бірге, комиссия құрамына ҚР Есеп комитеті, мәслихат және парламент депутаттары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері, тәуелсіз құқыққорғаушылар, осы жағдайда мүдделі тараптың бірі ретінде бизнес өкілдері кіруі керек. Комиссия жұмысы барынша айқын және есепті болуы қамтамасыз етілуі тиіс.
4) Қазіргі жағдай туралы ақпарат толық шынайы болуын қамтамасыз етіп, позитив контент жасауға жалдамалы блогерлер мен пікір қалыптастырушылардың қызметінен толық бас тарту керек. Коронавируспен күрес қорының қаржысын позитив контент пен мемпропагандаға жұмсау ақылға қонымсыз. Қазір биліктің өз пропагандасын қажетсіз деп есептейміз және оның қай түрінен болсын бас тартуды талап етеміз. Коронавируспен күресті саясиландыруды тоқтату керек (партияның және жекелеген тұлғалардың насихатын жүргізу).

5) Барлық базарды жабу. Артықшылықтарға ие жекелеген тұлғалардың мүддесіне қызмет етпей, әрбір азаматтың өмір сүру мен денсаулық құқығының үстемдігін қамтамасыз ету керек.

6) Карантинге байланысты 42500 теңге ($99) жәрдемақыны «заңсыз» алған азаматтарды қылмыстық жауапкершілікке тарту ниетінен бас тарту керек. Қазақстан Конституциясында өзін әлеуметтік мемлекет деп жариялаған. Сондықтан салық төлеген-төлемегені, жұмысынан айрылған – айрылмағаны, 500 мың теңгеден ($1170) жоғары жалақы алатын-алмайтынына қарамастан, әр азамат жәрдемақы алуы тиіс. Өйткені барлық азамат белгілі бір деңгейде қиындықтарға тап болып отыр. Қазақстанда «байлық салығы» жоқ, ал Конституцияның 14 бабында әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, … кез келген өзге жағдаяттар бойынша алалауға тыйым салынған.

7) Бизнесті ТЖ кезінде салық және басқа да қаржы міндеткерлігінен толық босату керек. Уақытша демалыс берумен шектелуге болмайды. Өйткені пандемияға байланысты ШОБ басым бөлігі жабылып қалады. Ал қалғандары ұзақ уақыт ісін қалпына келтіруіне тура келеді. Сондықтан салықтар мен басқа да міндеттер ауыр жүк болып, олардың жабылуына себеп болады. Ал ол жұмыссыздыққа, бюджеттің кіріс көздерінің жабылуына және жаңа әлеуметтік проблемалар мен шиеленістерге соқтырады.

8) Бірнеше бағыт бойынша мәліметтердің бірыңғай базасын жасау:

  • Медицина мекемелерінің коронавируспен күреске қажет барлық жабдықпен қамтамасыз етілуі (дәрі-дәрмек, қорғаныс заттары, тесттер және т.б.);
  • Қаржы бөлімі. Медицина, бизнесті қолдауға жұмсалған қаржы есебін күнделікті, шынайы, уақтылы, ашық жариялап отыру. ТЖ бюджеті қайда, қалай, қаншалықты тиімді жұмсалып жатқаны туралы ақпарат ашық болуы тиіс.
    9) Төтенше жағдай мақсатын өзгертпеу. Осы кезеңді билік пасық мақсаттарына пайдаланып Конституцияға қайшы заң қабылдап, белсенді азаматтарды саяси көзқарастары үшін қудалау әрекетін жасап жатыр. Бұл онсыз да қиын жағдайда отырған азаматтардың ызасын тудырып, үлкен саяси шиеленіске ұласуы мүмкін екенін ескертеміз. Азаматтық қоғам ешқашан осылай ауызбірлікте болған емес. Сондықтан сенім кредитін жоғалтқан билікке қарсы күш біріктіру қиын емес. Біріміз үшін бәріміз бірігуге әзірміз.

Осы үндеуді қолдаймын десеңіз, коментте Қолдаймын деп жазып, аты-жөніңізді жазыңыз.

  1. Серик Медетбеков, Қазақстан оппозициясының шетелдік бюросы
  2. Nurul Rakhimbek Азаматтық бастамаларды қолдау қоры
  3. Ермурат Бапи, «Дат» газетінің бас редакторы
  4. Әкежан Қажыгелдин
  5. Togzhan Kozhaliyeva, «ХАҚ» партиясын құру бастамашысы
  6. Bella Orynbetova, «Республика қозғалысы»
  7. Гүлім Оразбаева, «Республика қозғалысы»
  8. Бекнур Сражанов «Jaria» қоғамдық қозғалысы
  9. Ғалымжан Оразымбет, «Республика қозғалысы»
  10. Жанболат Мамай, Қазақстан демократиялық партиясы
  11. Сергей Дуванов, Қазақстан демократиялық партиясы
  12. Төлеген Жүкеев, Қазақстан демократиялық партиясы
  13. Лира Байсеитова, тәуелсіз журналист
  14. Бақытжан Бұқарбай, жазушы-баспагер, қоғам белсендісі
  15. Assel Janabayeva , Қазақстан демократиялық партиясы
  16. Инга Иманбай, Қазақстан демократиялық партиясы
  17. Асем Жапишева, журналист
  18. Айгерим Тлеужан, Қазақстан демократиялық партиясы
  19. Талғат Аян
  20. Дина Елгезек, журналист
  21. Серікжан Мамбеталин,
  22. Бақытгүл Мәкімбай
  23. Марат Уатқан
  24. Серік Зиятов, мұғалім,
  25. Бақыт Жаншаева, журналист
  26. Сәуле Әбілдаханқызы, журналист, қоғам белсендісі
  27. Арайлым Назарова “Тәуелсіз бақылаушылар” ҚБ
  28. Саябике Жулдасова, Атырау Тәуелсіз бақылаушылар Альянсының төрайымы
  29. Амандық Дәулетбекұлы
  30. Мадина Базарханова
  31. Мейрбек Есболатұлы
  32. Ерлан Жұматаев
  33. Алия Мусралинова
  34. Индира Алимбаева
  35. Мұхамеджан Талғат
  36. Аслан Джамалиев
  37. Нурболат Сатагулов
  38. Амангелды Нукенов
  39. Бейсембай Жылубаев
  40. Шарипкан Талбаев
  41. Қайрат Сембаев
  42. Ақылжан Қарақойшим
  43. Гулшат Уалиева
  44. Абзал Ауезов
  45. Ақнұр Есентұр
  46. Қызылгүл Дәулет
  47. Даурен Салаватов
  48. Қуаныш Сүлейменов
  49. Нурик Алланазаров
  50. Талгат Мухамеджан
  51. Тулеген Тайшыков
  52. Дюсенбаева Айсулу
  53. Қонар Сағынкүл
  54. Сандугаш Мукамбетжанова
  55. Алия Мусралинова
  56. Избан Ақжол
  57. Ғаділбек Жұбанғалиев
  58. Айтмырза Құрманғазы
  59. Муратбек Рыспанбетов
  60. Гульмира Сарсенова
  61. Куантай Маханбет
  62. Бұлбұл Нұрлан
  63. Амзехан Рыскельдиев
  64. Багдат Токсабаев
  65. Асылбек Сержан
  66. Абай Кенесарыұлы
  67. Гүлнұр Момынова
  68. Қабдрахман Сейілғазы
  69. Бердибек Батырбеков
  70. Ардақ Тоқсабаева
  71. Аманқос Құрмашев
  72. Нығметбай Ермаханұлы
  73. Уштап Пенская
  74. Бишеев Қалмахан Сламбайұлы
  75. Марат Дарибеков
  76. Лаура Мухатаева
  77. Дастан Кадыржанов
  78. Ирина Бердина
  79. Өтен Сәлім Сағындықұлы.жазушы, заңгер, қоғам белсендісі
  80. Бауыржан Алышев
  81. Айткүл Қашырбекова
  82. Мирас Нұрмұханбетов
  83. Қанзада Асан
  84. Данияр Байтілеу
  85. Тойдық Бижанова
  86. Эдит Тәрбие
  87. Мадат Алимов
  88. Амангелді Мырзахметов
  89. Игилик Зулбек
  90. Ерғали Қамашұлы
  91. Азиза Колмаханова
  92. Зауре Сагидолдина
  93. Ракиля Рахат
  94. Бауыржан Есентаев
  95. Насифулла Суюсанов
  96. Сәкен Керімбаев, фермер
  97. Айдын Егеубаев
  98. Болат Қасықбаев
  99. Айнур Серік
  100. Ләйлә Сағиқызы
  101. Гулшат Абикенова
  102. Салтанат Бекумуханбет
  103. Бибигуль Алиханова
  104. Марат Абдурахманов
  105. Оналбек Атарбаев
  106. Алтынай Ибрашева
  107. Жасұлан Аюпов
  108. Жеңіс Оспанов
  109. Уайс Ерсайынұлы
  110. Лязат Нусипова
  111. Балжан Молдасанова
  112. Анар Аққозы, тәуелсіз журналист, пиаршы, ақын, арт-активист
  113. Ботакоз Мусатаева
  114. Құрманбаев Айтқали Дүйсенғалиұлы
  115. Мекен Демесін
  116. Жанарбек Мағзамұлы
  117. Кенжебек Нурсаинов
  118. Тажкенов Амантай Айсұлтанұлы
  119. Тоқтасын Қуандық
  120. Таңжарық Сіләнбай
  121. Тилеухан Жиляз
  122. Жақсыгүл Арапбаева
  123. Гүльмира Бұралқиева
  124. Бибгуль Аизахметова
  125. Алия Сметова